Минобороны полагает, что это попытка суицида
Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Kazinform.
Талдау барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК биылғы қаңтарда 1 043 қызметкерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақы төлемегені анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні басшы көрсеткен соманы өтеді, - деп жазды бақылаушы органнан.
Сонымен қатар, жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.