Мать оставила их без присмотра
Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді. Онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылары үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді, - делінген хабарламада.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уран ПҚӨС мөлшері 6-дан 9 пайызға дейін артады. Бұдан әрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған ставкалар енгізіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру көлемін 2017 жылғы деңгейге жеткізе алмай келетінін жазған болатынбыз.