Казахстанские экспортеры зерна уже в текущем году могут начать отгрузку пшеницы нового урожая, чтобы в начале 2026 года получить компенсацию транспортных расходов. Об этом сообщили в Министерстве сельского хозяйства РК.
Аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды ZTB News ҚР бас прокуратурасына сілтеме жасап.
2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды, - деп айтылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.