Александр Кержаков «Қайрат» жаттықтырушысы қызметінен кетеді

Александр Кержаков "Қайраттан"кетеді. Бұл туралы футбол клубы әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлімдеді, деп хабарлайды ZTB News.

Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Онымен бірге клубты оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да тастап кетеді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысы үшін Алғыс білдіреміз және оған мансапта одан әрі табыс тілейміз, - делінген хабарламада.

Кержаков мамыр айының соңында "Қайратты" басқарды. Оның басшылығымен "Қайрат" 12 матч өткізді, онда ол алты жеңіске жетті, үш рет тең ойнады және қарсыластарынан үш рет жеңілді.

Другие новости