Посольство работает в штатном режиме
20 қазан күні Көкшетау полициясына 76 жасар зейнеткер «Еңбек ері» медалін жоғалтып, арыз жазған. Шығын көлемі – 20 000 теңге, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақмола облыстық ІІД-не сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері зардап шегушінің үйін қарап шығып, көршілері мен туыстарынан түсініктеме алған. Жедел қызмет өкілдері медальді зейнеткердің 44 жасар ұлы ұрлап кеткенін анықтапты. Бұл ұрлық осы жылдың шілдесінде орын алған екен.
Күдіктінің айтуынша, ол анасының медалін таныстарына араққа айырбастап жіберген көрінеді.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полиция қызметкерлері медальді заңды иесіне қайтару үшін іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.