Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Қызметіне кіріскелі айқай-шудан басы арылмаған Арыстанбек Мұхамедиұлын бұл жолы бұрынғы студенті төсекке сүйреді деп айыптауда. Бойжеткен түсірген видеомәлімдеме ғаламторды шарлап үлгерді. Мәдениет министрінің қызқұмарлығы мен басқа да былығын бүгін Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі растап отыр. Бұл жөнінде КТК арнасы хабарлады.
Бұған дейін режиссерлерді ренжітіп, «ақша боапсалады» деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы енді басқа қырынан танылды. Алматыдағы аты дардай Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, театр актрисасы Еңлік Сыдықова өзін студент кезінде министрдің өзі төсекке сүйрегенін айтып отыр
.
Ал көңілін тапса, тегін оқытуға уәдені үйіп төккен көрінеді. Ректордың махаббаты болудан бас тартқан студент, кейін емтихан тапсырып, ақыры сол оқуға түсіпті. Бірақ студент Мұхамедиұлының үстінен шағым түсіруге ұзақ уақыт батпады деп отыр.
Еңлік Сыдықова, актриса:
«Полицияға жазбаған себебім, қорықтым. Кейін оқуға түсе алмай қаламын ба деп қорықтым.
Сен менімен көңілдес бол, мен сенің тағдырыңды жақсы қыламын, киноға түсіремін, театрға алдырамын, саған машина алып беремін...»
Министрдің әлгіндей әдеті барын Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр. Айтуынша, шенеунік оның да студенттеріне «жабысқан» көрінеді. Бірін көлікпен, ал енді біразын оқу гранттарымен қызықтырыпты.
Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық артисі:
«Маған 15 адамның тізімін әкеліп берді, «осыны аласың» деп. Грантта бар болғаны 12 адам. Мен бұған қарсы болдым. Мен мұны алмаймын деп бас тарттым. Сол кезде емтихан біткенен кейін маған түнде сағат 11-12-лерде маған телефонмен доқ көрсетіп, маған айқай салды. Дап-дардай адамға маған! Солардың бәрін ақыры алды өзінің тізімін. Демек, бірдеңе бар деген сөз , бірдеңе берілді деген сөз!»
Бірақ министрдің өзі бұл айыптаулардың бірін де мойындамай отыр.
«Мен бұл мәселеге пікір білдірмесем де болатын еді. Алайда, елге танымал тұлға, оның ішінде Мәдениет министрі болған соң бұл мәселені айналып өтуге хақым жоқ. Бұл видеоүндеудің дәл сол уақытта емес, бірнеше жылдан кейін жарық көргені күдік ұялатады. Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралау керек сияқты»,-дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Арыстанбек Мұхамедиұлының бұған дейін де жаман аты шыққан. Онда бір топ отандық режиссерлер оның аузын майламай, фильм түсіру мүмкін емес деп күллі жұртқа шағымданған болатын. Енді сол секілді бұл жанжалды да министр сот залында шешпекші.