Меморандум о сотрудничестве подписали в Астане
Елімізде 584 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады. Бүгінде республикада ұлттық спорт түрлері бойынша 14 спорт клубы мен 13 спорт мектебі бар. Жыл сайын елімізде ұлттық спорт түрлерінен 1 мыңнан астам түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Туризм және спорт министрлігігінің мәліметінше, 2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрады. 10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды. Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады.
Айта кету керек, пара каноэде есу (әйел), пара үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық.