Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31.03.2020 жылы кешкі сағат 21:00-де жариялған мәлімдемесінен кейін елімізде 42 500 теңгені кімдер алатыны туралы, қалай алуға болатыны туралы ақпарат іздеу басталып кетті. Аталған жағдайды пайдаланып, алаяқтықпен де айналысып үлгеріп жатқандар бар. Ztb.kz сіздерге whatsapp месенджеріне келіп жатқан түрлі ақпараттарға сенбеуге шақырады. Соның бірі төмендегі мәтінмен барлық группаларға тарап жатқан жалған ақпарат.



"Помогаем оформить Заявление на социальную выплату 42500 тенге.


Для этого необходимо Вам предоставить ваши данные по ниже перечисленным пунктам:


1 - ИИН


2. эцп


3. наименование ИП


4. адрес проживания


5. реквизиты каспий голд ИИК


(каспий голд- мой банк-о карте каспий голд- реквизиты снять скриншот и выслать мне) или просто написать номер счета


Например:


ИИК ЗАЯВИТЕЛЯ KZ98722C000026828205


Услуга платная 1 человек - Нур-Султан - 2000 тенге


Обращайтесь по телефону 87013010889


Почта: 200712345@bk.ru (куда отправить ЭЦП)


Оплату за услугу скидывайте на каспий голд по номеру тел 87013010889


Бұл ақпаратқа алданбаңыздар. Жеке мәліметіңізді ешкімге беруге болмайды. ЭЦП алған адам сіздің атыңыздан өте көп алаяқ әрекеттер жасай алады. Сіздің орныңызға көп құжатқа қол қоя алады. Қазір 42 500 теңге алудан үміттілер өте көп. Олардың көбінде не ЭЦП жоқ, не ЭЦП алуға мүмкіндік жоқ, не компьютер жоқ. Соны біреулер пайдаланып осындай бизнес бастап кеткен сияқты. Олар көмектескен күннің өзінде қазір алған 42 500 теңгеңізден ертең он есе зиян көруіңіз мүмкін. Ешкімге, ешқашан, қандай жағдайда болсын, жеке мәліметтеріңізді, ЭЦП кілтіңізді бермеңіз. Ол деген менің шешім қабылдау, қол қою құқығым толық саған өтуіне рұқсат бердім деген сөз.

Другие новости