Қазақстан шекарашылары акциздік маркасыз кіргізілмек болған ішімдіктің үлкен көлемін тоқтатты, деп хабарлайды ҰҚК шекара қызметінің баспасөз бөлімі.



«Құрманғазы авто аудандық өткізу пунктінің жасағы акциздік маркасыз, әрқайсысы 0,7 литр 532 шөлмек ішімдікті өткізбек болған 61 жасар Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады», -деп хабарланды мекемеде.


Комитет ақпаратына сай, ұсталған азамат Қазақстанға «Камаз» көлігімен жолға шыққан. Ішімдік контрабандасы көлікті тексеру кезінде анықталған.


Бұл іс барысы жөнінде Атырау облысының құқық қорғау қызметіне хабар берілген.

Другие новости