14,718 просмотров
0 0 Поделиться


Кеңес одағы ыдыраған тұста, елімізде әділетсіздіктің туы желбіреп, халықтың жыртығын жамауға тиіс уақытта билік өкілдері өз қара бастарының қамын ойлап кеткен болатын. Біз осы сәтте өз заңымен ел мен жерді жаудан қорғаған азаматтар туралы сөз қозғамақпыз.




Бақыткелді Баясов (Баха Фестиваль)



. «Баха-Фестиваль» лақап атымен танылған Бақыткелді Баясов 1963 жылы Алматы облысындағы қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген.



Оның жаны әділдікті қалайтын, тәртіпті жақсы көретін, айтқанынан қайтпайтын, бірсөзді азамат болған. Бұған Бақыткелдінің Өскемендегі шешендер мен қазақтар арасындағы орын алған мәселелерді шешкені дәлел бола алады. Ол басқалар бейбіт өмір сүріп жатқанда Ауғанстанда соғыста болған, мүмкін оның соғысты көргені тағдырына әсер еткен болар.



Кеңес Одағы ыдыраған тұста елімізде әділетсіздіктің туы желбірей бастады. Нағыз халықтың жыртығын жамауға тиіс уақытта билік өкілдері өз қара бастарының қамын ойлап кетті. Ал мұндай әділетсіздікке Бақыткелді шыдаған жоқ. Өмірінің соңына дейін әділдік орнату үшін күресіп келді.



Бақыткелді Баясовға өз досының үйінде қастандық жасалған. Осылайша ол 1993 жылы 30 жасында көз жұмды.


Несіпбай Насенов (Рыжий Алмаз)



«Рыжий Алмаз» лақап атымен танылған Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Кейбір дерек көздерінде оның Аягөзде туып өскені айтылған.



Намысты, ұлтжанды азаматқа - қандықол қарақшы, қылмыскер, ұлтшыл деген айып таққан. Ол өмірінің соңғы жылдарында, мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлымен кездесіп сұхбаттасқан. Бұл туралы Алмаздың досының естеліктерінде жазылған деседі. Оның «қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, маған ұнайды. Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді» деген сөзі, бүгінде қанатты сөзге айналған.



Ол өте шыншыл, халықтың қамын ойлайтын азамат болған. Белгісіз біреулер, қалталарын қалыңдатып арам жолмен байымақ болған адамдардың жолына қарсы тұрған Рыжий Алмаз туралы теріс пікір қалыптастырып істі қылған, содан халық санасына «қылмыскер» деген атпен қалған.



Ол қарапайым халыққа тісін батырғандармен өмірінің соңына дейін күресіп өтті.



Соңында Рыжий Алмаздың сүйегін Испаниядан алып келіп жер қойнына тапсырғаннан кейін, құқық қорғау органдары оның сүйегін қазып алып кетпеу үшін, достары жерленген жерін бір ай бойы күзеткен екен.


Талғат Атабаев (Атаба)



Талғат Атабаев Талдықорған өңірінің тумасы 1967 жылы 15 мауысымда Алматы облысындағы Ақсу ауданының Жансүгір кентінде дүниеге келген. «Атаба» лақап атымен танылған Талғат 90 жылдары қазақ күресі федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.



Тәуелсіздік алғаннан кейін Талғатқа спорт саласында «беделді қайраткер» мәртебесі берілген болатын. Осы кезден бастап, елде Атабаевтың есімі жиі атала бастады. Талғат алдынан шыққан мықтылардың бәрін тізе бүкітіріп қана қоймай, оны бүкіл мүлкінен айырып тастауға қауқары жететін болған.


Ол елі мен жерін құрмет тұтқаны соншалық, оның айналасына топтасқан жұрт тек қазақша сөйлейтін болған. Атабаев билік тарапынан қатты қысымға түскен, ресми деректерге сүйенсек ол жүрек талмасынан қаза тапқан.


Сабыр Мұслімұлы (Сабыр Темірлановский)



Сабыр Мүсілім 90-шы жылдары кеңес үкіметі ыдырап, ел бөлініп бастаған кезде, қазақтардың ішінен суырылып шығып саясат сахнасынан көрінген азаматтардың бірі еді. Сол жылдары өңірдегі жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін көп тер төккен.



Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, екіжүзділік пен әділетсіздікті ұнатпайтын, намысшыл, бір сөзді азамат болған. Сабыр Мүсілімнің әділдік жолында жасаған әрбір әрекеттерін, тиісті органдар заңға қайшы деп есептеген. Оған 9 бап бойынша айып таққан, алайда оның ешбірі дәлелденбеген. Сөйте тұра полиция жазықсыз азаматтың көлігіне тінту жүргізіп, қолдан жасалған пышақ тауып алған, нәтижесінде суық қару сақтады деп түрмеге жауып тастаған. Темір тордың арғы жағында белгісіз ауруға шалдығып, босап шыққан соң ауруды жеңе алмай Алматы қаласында өмірден өтті.


4 брата (Айшуак Жантугель)



«Айшуақ-Жантүгел» деп атала бастаған «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобына Серік Жантүгел, Құрманғали Сатыбалдиев, Еркін Ізбасар және Қайрат есімді азаматтар жетекшілік еткен.



Топтың аты «ағайынды төртеу» деп аталғанымен олар туған ағайындылар емес.



«Ағайынды төртеу» өз топтарына құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін де жинақтаған. Олар құрған топтың негізі мақсаты есірткі мен мұнай нарығын бақылау еді. Сонымен қатар бұл топ Ақтау мен Алматыдағы жанармай бекеттері мен киім базарларына автотұрақтарды бақылауда ұстап отырған.



Арбаға таңылған Еркін Ізбасар 2018 жылы Ақтөбеде мұнай ұрлау және сату процесін бақылады деген айыппен сотталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі де ұсталған еді.

Другие новости