Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Танымал журналист Динара Сатжан YouTube желісіндегі парақшасында белгілі продюссер, әнші Ерболат Беделханнан сұқбат алды. Өнер иесі еліміздегі Q-pop жанры мен 91 тобының шығармашылығы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, әнші өз сөзінде жігіттердің сахнада бір рет өнер көрсетуі қанша тұратынын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сұқбат барысында әнші қол астындағы 91 тобының тойларға өз брендін сақтап қалу үшін шықпай жүргенін сөз етті. Оның айтуынша, ол үшін тойға шығып табыс тапқанша, белгілі компаниялармен келісімге отырған дұрыс.
"Тойға шықпаймыз. Бізге екі есе көп ақша беріп шақырғандар да болды. Бірақ шыққан жоқпыз. Мен үшін 91-дің бренді маңызды... Тойға шыққанның еш әбестігі жоқ. Десе де, мен осы жерде табысты жоғалтсам да Самсунгпен келісім-шартқа отыратын едім. Екі жыл болды олармен жұмыс істеп келеміз.
Динара Сатжан өз сөзінде жұлдыздан 91 тобының табысы мен олар жұмыс істейтін Самсунг компаниясымен келісім-шарт үшін қанша ақша алатынын сұрады.
"Жігіттердің бір рет өнер көрсетуі 8 миллион. Шамамен бір жылдық келісім-шарт 100 миллионға дейін жетеді. Жігіттерге оның қаншасы тиесілі екенін айта алмаймын. Бірақ бәрі адал. Олар бәріне риза", - деп жауап берді өнер иесі.