Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынованың қатысуымен болған жол көлік апатының зардап шегушісі Мейіржан Қасымғалиев Айдананы кешіруге дайын, бірақ ол үшін алдымен материалдық және моральдік шығын өтелуі тиіс, деп хабарлайды Today.kz.




Мейіржан Қасымғалиев Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынова ұсынған қаржыны моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмайтынын айтады.


«Бізде чектер бар, бірақ бәрі бірдей сақталған жоқ. Мен алған жарақаттар жазылған анықтама бар. Бір жарым миллион деген көп ақша емес, оны мен өзім де таба аламын. Шындығы керек, бұл жеткіліксіз сома. Өз денсаулығымды бес мың долларға бағаламаймын. Мен ертеңгі күнімді ойлаймын: осының салдары қандай болмақ, алынған жарақаттар денсаулығыма қалай әсер етеді, 20 жылдан кейін аяқ-қолым қандай халде болады. Олардың ұсынған ақшаларын мен моральдік немесе материалдық көмек ретінде қабылдай алмаймын. Меніңше, бұл соманы екі-үш есе ұлғайтып 20-30 мың долларға дейін көтеру қажет. Ата-анам осы соманы әлден-ақ белгілеген болатын, оны мен орынды деп санаймын», - деді ол.


Естеріңізге сала кетейік, танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін дәрігерлер оның жағдайына баға беріп, оның есте сақтау қабілетіне зақым келгенін жеткізген болатын.

Другие новости