Ақтөбе тұрғыны Аманбек Сыдықов екі қабатты киіз үйдің жобасын жасап, Әділет министрлігінен пайдалы модельге арналған патент алды. Бұл туралы ақпаратты Rikatv.kz таратты.




ҚР Әділет министрлігі аманбекке аталған жобасын пайдалануға рұқсат беру бермеу құқығын көрсететін патенттік құжат табыстады. Енді ол өз макетін шындыққа айналдыруға барын салмақ.


Жас құрылысшы жобаны дайындауға үш жылын жұмсаған. Макет бойынша, бірінші қабатта жеті бөлме, екінші қабатта қонақ бөлмесі орналасады. Үйге жарық күн сәулесі батареялары арқылы, шаңырақтан таратылатын көрінеді.



Жиын барысында, жоба авторына көптен күткен патенті беріліп қана қоймай, Әділет министрлігінің өкілдері болашақ заңгерлерге авторлық құқықты қорғау туралы түсініктер берді.

Другие новости