Об этом сообщила ее дочь Куралай
Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.
Жолаушыларға оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жұмыстар 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады, - деп хабарлады әужайдан.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылған болатын. Сондай-ақ биыл 1-ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағының тарифі өзгерді.