В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Алматыдағы кинотеатр ғимаратында болған өрттің салдарынан қаза тапқан студенттердің отбасына қаржылай көмек берілетін болады. Бұл туралы ҚазҰУ және ҚазҰТЗУ басшылығында хабарланды.
6 қараша күнгі өрт себебінен ажал құшқан екі азамат – Айдаралиев Еламан мен Нұрлыбек Сартбаев Қазақ Ұлттық университетінің физика-техникалық университетінің студенттері екен.
Бүгін факультетке қос білімгердің суреті қойылды. Екі жігіт те жатақханада тұрған көрінеді. Олар сабақтан бос кездерінде "Almaty Towers"-те сағатына 500 теңгелік ақымен ұсақ техникалық жұмыстарды атқарыпты.
Университет қабырғасында Еламан мен Нұрлыбектің отбасына 340 мың теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілетіні айтылған. Оған қоса, курстастары мен факультет белсенділерінің бастамасымен, қаралы отбасыларды қолдауға қосымша ақша жиналып жатқан көрінеді.
Аталған оқиғадан қаза тапқан Зулпибеков Абылайхан Асанұлы мен Тоқтамысов Ёкубжон Сабыржанович Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу Университетінде оқыған екен. Олар да оқудан бос уақытында қосымша жұмыс істепті. Университет басшылығы өзінің жеке сайтында қаза болған студенттердің отбасына көңіл айтып, материалдық көмек ретінде арнайы сомада қаражат берілетінін жазған.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қараша күні "Almaty Towers" ғимаратында орналасқан кинотеатрда болған өрт салдарынан 6 адам қаза тапқан еді. Оның бесеуі 1994, 1995, 1996 жылғы студенттер болса, біреуі – 54 жасар дәнекерлеуші азамат.
Оқиға орнында аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.