Алматы қаласының шетінде Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту үшін, «Барлық» сауда нүктелерін көіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.



Алматы әкімдігінің транспорт және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, 2017 жылдың сәуіріне дейін 25 сауда нүктелерін көшіру жоспарлануда.


Исахановтың айтуынша, тас жолды қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылдың ортасында басталады екен.


Осы жылдың 15 қыркүйегінде өткен дөңгелек үстел нәтижесінде Қалқаман мен «Асыл арман» аудандарындағы жолды жөндеу жұмыстарының конкурсын жариялап, қалпына келтірудің жоспарын құрастыру шешімі қабылдады.


Оның айтуынша, осы аумақта он жолақты жолдың құрылысы басталады екен. Бес жолақтың біріншісі – қоғамдық көліктерге, екіншісі – жергілікті көліктерге, бұрылыстарға арналған, қалған үшеуі – транзиттік, яғни, тіке жүру бағытында жасалады.


Алдын-ала жасалған есеп бойынша, жолдың құрылысына барлығы 10 миллиард теңге қажет екен. Құрылыс жұмыстарынан соң, «Алтын Орда» базары өз орнында қалады, ал жол Алматы қаласының қарамағына өтеді.


«Алтын Орда» базары жанындағы үлкен кептелісті шешу үшін жөндеу жұмыстарының кескіні де дайындалып қойған.


«Қазақавтожол» ұлттық компаниясы АҚ: «Қазір бұл жоба Инвестиция және даму министрлігінен қолдау тапты. Келесі жылдың бюджеттік жоспарынан жобалық-сметалық құжаттаарды өңдеуге 150 млн теңге қарастырылып отыр»,-деген ақпарат берді.

Другие новости