В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Полиция қызметкері жол апатын көріп, көмекке ұмтылған. Көліктің бірі жана бастап, ол екінші көлікті итеріп жіберуге тырысқанда, келесі машинада да ұшқын пайда болыпты. Бұл туралы Informburo.kz хабарлайды.
Аталған жол апаты әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, авариялық дабылда келе жатқан Audi көлігіне рөлінде жас бойжеткен отырған Toyota Corolla көлігі келіп соқтыққан.
Одан кейін, бірінші авто жана бастапты. Оқиға маңынан өтіп бара жатқан полиция қызметкері көмекке келіп, бір-біріне қатты жылдамдықтан еніп кеткен көліктерді ажыратпақ болған. Бірақ, жалын екінші машинаны да шарпып, нәтижесінде полицейдің қолы мен аяғын күйік шалды.
Оқиға орнына келген дәрігерлер куәгер полицейге алғашқы көмек көрсеткен, бірақ ол емханаға барудан бас тартыпты. Жол апатынан екі жүргізуші де зардап шеккен. Олар көлііктерінен өз күшімен шыға алды.
Нәтижесінде қос автомобиль де толықтай жанып кеткен.