Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласының су тасқыны қаупі бар аймақтарын, өзен бассейндерін және гидротехникалық құрылыстарды тікұшақпен әуеден бақылады, деп хабарлайды Kazinform.
Әуеден бақылау арқылы көктемгі су тасқынының қаупі бар аймақтардағы қар мен ергін қар суының мөлшеріне, сондай-ақ, Есіл мен Нұра өзендеріндегі арналар мен мұз жамылғысының жай-күйіне зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар, Астана су қоймасы және Безымянная бөгеті арналарындағы қардың қоры мен еріген қар суының ағысына назар аударылды. Аймақ басшысы көктемгі су тасқыны ең жауапты кезеңдердің бірі екенін атап өтті.
Біздің бірлескен міндетіміз - адамдарды қорғау және шығынды азайту, соның ішінде алдын алу шаралары. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды жағдайдың өзгеруі бойынша жедел хабардар ету қажет. Тұрғындар өз мүлкін қорғау бойынша алдын ала шаралар қабылдауы, аула аумақтары мен су бұратын арықтарды тазартуы маңызды, - деді Марат Ахметжанов.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі кезде облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Су тасқынына қарсы алдын алу шаралары орындалуда. Елді мекендерден 2 млн текше метр қар шығарылды. Отын, инертті материалдар мен құм салынған қаптар дайындалды. Автомобиль және теміржол бойында орналасқан 2500-ге жуық су өткізу құрылыстары мен 490 көпір тазартылды. Жалпы 12 мыңнан астам адамға арналған 268 эвакуациялау пункті әзірленді. Өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары аяқталды. Облыс өзендеріндегі мұз кептелістерін жою бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, су тасқынына қарсы облыстық жедел штаб жұмыс істеуде, осындай штабтар аудандар да ұйымдастырылды. Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда мектептің жертөлесін су басып қалғанын жазған едік.