Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Ақтөбеде скутер жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысты. Жол апатынан 18 және 20 жастағы екі жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 5 қазан күні сағат 4:45-те Ақтөбе қаласы Ряхов көшесінде болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, скутердің 18 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған КамАЗ жүк көлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, өткен аптада Ақтөбе қаласындағы Алтын орда шағын ауданында 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды. Мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдаған.