Астаналық азамат қаланың беделді фитнес-клубтарының бірінде мұсылмандарға арналған су киімімен шомылған әйелге наразылығын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасына жазған.


Тұрғынның айтуынша, бұлай шомылу санитарлық нормаларға сай емес.


«Ата-анасымен баласының бірігіп шомылуына арналған бассейнде «буркинидегі бірдеңе» («нечто в буркини» - ред.) жүрді. Көп қабатты киім. Менің түсінуімше, костюм кемінде үш нәрседен тұрады: денесіндегі бөлігі, шалбар, камзол, және бұрындары айтқанымдай, басындағы тюрбан. Одан соң, «буркинидегі бұл нәрсе» саунаға барды. Онда ол өзінің шомылатын киіміне денесінің терімен қоса, мрамор орындықтағы қалған сұйықтықтың бәрін жинап алды. Ол жерде басқа келушілерден қалған қанша тер бар екен, елестетудің өзі қиын», -делінген жазбада.


Фитнес-клубқа жазылған тұрғын арызына мекеме әкімшілігі істің анық-қанығын білуге уәде берп, жауап қатқан екен. Бірақ артынан олар да шомылу киімі арнайы материалдан тұрса, ешқандай шара қолданбайтынын ескертіп өткен.


Ал автор өз жазбасында елордадағы беделді фитнес-клубтардың бірінде болған бұндай нәрсеге таңданғанын да жеткізіпті. Әрі ол ислам әйелдердің ер азаматтармен бір бассейнде шомылуға рұқсат беретініне де күдікпен қарайды екен.


Ол өз жазбасында орталықтың атын айтпайды. Өйткені, фитнесс-клуб келушінің талабына түсіністікпен қарап, жағдайды өзгертер деген үміті бар көрінеді.

Другие новости