Политологи опасаются дальнейшей эскалации
Астаналық Ирина Кудренок нағыз ағылшын сарайының ханымына айналды. Бұл туралы «Экспресс К» порталы хабарлайды.
Бірнеше жыл бұрын Астана қаласының тумасы Ирина Кудренок Лондонға классикалық мәдениетті зерттеуге кеткен. Ол жерде Ирина барон Джон Маппинмен танысып, көп ұзамай тұрмысқа шығыпты. Джон Маппиннің әулеті үлкен аумақты жер телімдеріне ие, корольдік зергер отбасы саналатын көрінеді. Бұл әулеттің қарамағындағы Камелот атты зәулім сарайда даңқты Артур патша дүниеге келіп, Тристон мен Изольданың махаббат хикаясы пайда болған екен. Тарихи ғимарат Тинтагель атты елді-мекенде орналасқан.
Бүгінде Камелот көптеген маңызды, жасырын салтанатты жиындар өтетін зәулім қонақ үй болып жөндеуден өткен. Ирина Кудренок-Маппин күйеуімен бірге сарайды тәуелсіз БАҚ орталығына айналдырғысы келетін көрінеді.
Жақында миллиардер, АҚШ Президенттігіне үміткер Дональд Трамптың жанкүйерлері болып табылатын ерлі-зайыпты Маппиндер оны Камелот рыцары деп жариялаған. Олар осы атақтың Трампқа сайлауда жеңіске жетуге көмектесетініне сенімді. Британдық басылыммен болған сұхбатта олар Камелот сарайының тік ұшақ алаңы Дональд Трампты Президент ретінде қабылдауға дайын екендігін айта кеткен.
Ең қызығы, Камелот зарайының төбесінде Қазақстан туы жиі ілініп тұрады екен. Бұл – сарай ханымы, баронесса Ирина Кудренок-Маппиннің тарихи отанына көрсетілген құрмет белгісі.