Ерке Есмахан жеке өміріндегі жаңалықтарын өзінің Instagram парақшасында жария еткен. Өнер иесі сұрақ-жауап барысында AZ-мен екі бөлек кеткендерін растады.

"Жолымыз ажырады. Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақытта бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын", - деп қысқа қайырды әнші.


Бұл хабарды естіген көпшілік шоу-бизнес жұлдызынан айырылысуының себебін сұрап білмек болды. Алайда, Ерке Есмахан бұл жайында тіс жармайтынын кесіп айтты. "Ол көзге шөп салатын адам емес. Себебін айтпаймын. Сұрамаңыздар", - деп жауап берді ол.


Другие новости