Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты.



Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады.


"Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр). 1974 жылы 4 желтоқсанда Шамалғанға алып келдім. Гүлжан екеумізде екі қыз, бір ұл бар. Отау құрғанымызға елу жыл болып қалды. Екеуіміз бір-бірімізді қарағанымыздан-ақ түсінеміз. Өзіңе анаңдай болып кетеді екен, еркелейсің оған. Несін айтайын...? Ондай адамды әлі күнге кездестірген жоқпын. Осы күнге дейін қарсы келген емес" деді экс-президенттің інісі.


Другие новости