Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Астанада Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы алдында өз-өзін жағып жібермек болған әйелдің әрекеті тоқтатылды. Оқиға бүгін, 28 қараша, сағат 11.00 шамасында, бақылау пунктінің жанында болған. Бұл туралы «NewTimes.kz» АП таратты.
Куәгердің айтуынша, әйел өзінің сөмкесінен жанармай құйылған бөтелке шығарған. Оның қолынан өртке қауіпті сұйықтықты Ұлттық қауіпсіздік бюросы қызметкерлері дереу тартып алыпты.
Кейбір ақпараттарға сай, өзінің Бас прокуратураға келген себебін әйел қос ұлына қатысты сот үкіміне қарсылығымен түсіндірген. Оның ұлдары – Серік пен Берік Байтақовтар Жамбыл облысында ұл балаға қатігездік көрсетіп өлтіру фактісі бойынша сотталған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жайт осы жылдың қаңтарында болған. Бала ағашқа асылып тұрған жерінен табылған еді. Сарапшылар талдау соңында, балаға зорлық-зомбылық көрсетілген деген шешімге келген еді.
Кінәлілер деп баланың өгей әкесі Берік Байтақов пен оның ағасы Серік Байтақов табылды. Ағайындылардың үлкеніне 22 жыл қатаң режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтеу шешімі шығарылған.