Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Адамның рухани дүниесіне ықпал ететін жайттар әуе компанияларының ісінде көрініс табуы тиіс. Бұл ретте алдымен мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар қажет деп санайды мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.
Депутаттың айтуынша, ұшақ салондарында қазақтың әуені ойнап тұрса, жаныңыз жадырап қоя береді хабарлайды Астана арнасы.
“Бұны құқықтық актілерге, заңға кіргізбесек те, талап ету – парызымыз. Сізді «Жайдарманмен», «Сәулем-аймен» қарсы алған кезде, жаныңыз жадырап қоя бересіз, үйге келгендей. Басқа адамдар келген кезде басқа мемлекеттің ұшағына мінгенін сезінетін болуы керек. Қазақстанның ұшағында екенін сездіру үшін, тіліне суық тиген секілді емес, айқын қазақша сөйлейтін адамдарды жұмысқа алу міндетті болу керек”, – дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.