1,860 просмотров
0 0 Поделиться


Америкалық танымал блогер JerryRigEverything iPhone7-нің сыртқы белгілеріне сынақ жасады. Бұл туралы ролик блогердің YouTube-каналында жарияланған.


Бірінші ол кілт пен кеңсе пышағын пайдаланып, гаджеттің артқы панелін сырды, дисплей мен камераны да тырнап көрді де, корпустың дұрыс қапталмағынын атап өтті. Сосын iPhone-ға оттық басты, ал экранда уақытша қара дақтар пайда болды.


Роликтің соңында, блогер смартфонды майыстырмақ болған, алайда, бұл оның қолынан келмеді. Майыстырғанда, гаджетке су өткізбейтін қабық қана көрінді.


JerryRigEverything сынақтан соң, Apple осы жолы да сапалы гаджет жасап шығарғанын мойындады.

Айта кетейік, JerryRigEverything - бұрын да түрлі сынақтар өткізіп жүрген, танымал блогер.

Другие новости