Қазақстандық боксшы теннисші Рыбакина мен Путинцеваны сынға алды


Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны сынға алды,  деп хабарлайды Stan.kz

Боксшы, денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарынан бас тартқан теннисшілердің АҚШ-та өтетін турнирге кеткені ұнамағанын жеткізді. Ал Путинцева бірінші раундта жеңіске жетіп үлгерген. 

"Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе қай ұлт болсын кіндік қаны тамған, туған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой. Біздің құрамада да басқа ұлттың қыздары бар, жүректері Қазақ деп соғып тұрған. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүрген. Өйткені олар Қазақстанда туған, олардың отаны Қазақстан! Ауырып өлейін деп тұрсада рингке шығып, соңына дейін күреседі. Өйткені Елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар. Сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

Без имени 1
Фото: Балауса Мұздыман Instagram парақшасынан

Ал Қазақстанның теннис федерациясының мәліметінше, спортшылардың қалпына келу процесі қаншалықты сәтті өткенін корттағы ойын ғана көрсетеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтыны хабарланған еді. Ол денсаулығының сыр бергеніне байланысты Париж олимпиадасына қатысудан бас тартқанын мәлімдеген.

Кейіннен Қазақстан теннис федерациясы екінші қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Олимпиада жарысынан шыңып қалғанын мәлімдеген еді.

Другие новости