БҚО-да полиция қызметкері әйелді қағып кеткен


Оралда полицей әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды ZTB News "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 19 қыркүйекте сағат 6:15-те Пугачев көшесінде болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен әйелді қағып кеткен. 

Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған мәліметте. 

Айта кетейік, көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.

Другие новости