WhatsApp месенджерінде тарап жатқан түрлі аудиолардың бірінде коронавирустың шаш арқылы да жұғуы мүмкін екені айтылған. Бұл ақпарат бойынша елдегі санитар дәрігерлер пікір білдірді.



Әлеуметтік желіде тараған аудио:


«Жұмыста жиналыс өтті. Вирус шаш арқылы тез тарайтындықтан бізге орамал тағу керегін айтты. Сосын қытайлық дәрігерлер келді. Келе салысымен бізге ескерту жасады, себебі біз орамалсыз, баскиімсіз отырдық. Қытайда тіпті шашын тақыр қылып алып тастап жатыр», – дейді белгісіз әйел аудио хабарламада.


Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, инфекция шашқа кіріп кеткен соң бірнеше сағат ішінде вирус адамға жұғады. Ол өзі ештеңе сезбеуі мүмкін.


Қолғап, маска, көзілдірік тағып, санитарлық талаптарды сақтап, қолды жиі жуудан бөлек, үнемі баскиім киіп жүру қажет. Әсіресе, адам көп шоғырланған жерге бармау керегін ескертеді.

Другие новости