2020 жыл күтпеген жерден әлем экономикасына екі жақтан үлкен дағдарыс алып келді. Коронавирус індеті мен мұнай бағасының құлдырауы Солтүстік Еуропада орналасқан ең бай елдердің өзін есеңгіретіп жіберді.




Bloomberg басылымының жазуынша, ішкі жалпы өнімі жан басына шаққан ең жоғары көрсеткішті көрсететін Норвегия, Финляндия, Швеция, Дания және Исландияда жұмыссыздық мәселесі күн тәртібене шықты. Мәлімет бойынша, аталған бес елде соңғы бір аптаның ішінде 605 мың адам уақытша жұмыссыз қалған. Одан бөлек 105 мың адам біржола жұмыстарынан айырылған. Мұның бәрі әлемге тараған коронавирустың компаниялардың жұмысын уақытша тоқтатуына тікелей қатысты.


Қызметкерлерді қысқартуды ең ірі компаниялар бастаған. Оның ішінде көлік құрастыратын Volvo компаниясы, Scandinavian Airlines (SAS), Finnar Oyj және Norwegian Air секілді әуекомпаниялары бар.

Другие новости