Олимиада чемпионы Дмитрий Баландиннің сүйіктісі оның табынушыларына деген көзқарасын білдірді. Бұл жөнінде NewTimes.kz АП жазды.



Чемпионның таңдаған аруының есімі Кристина Тыныбаева. Жасы 20-да. Димамен кездесе бастағанына екі жыл болыпты.


Баландин секілді Кристина да өмірін спортқа арнаған. Ол синхронды жүзуден спорт шебері. Атуынша бұл – әрі спорт, әрі хобби екен. Осы уақытқа дейін үш Әлем Чемпионатына қатысып үлгеріпті. Қоржнында – азия ойындарының «қоласы» да бар.



Дмитрийдің көптеген табынушыларына деген пікірінде Кристинаның оларға мән бермеуге тырысатынын айтты.


«Мен оны ылғи қолдайтынмын, қолдай беремін. Оның фанаттарына мән бермеуге тырысам, әйтпесе, қызғанып кетуім мүмкін»,- дейді бойжеткен.


21 жасар алматылық Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында су спортынан алғаш рет алтын алған болатын. Көптен күткен бұл медаль ел қоржынына осы жаздағы, Риода өткен олимпиадада түскен еді.

Другие новости