На семи станциях метро в Алматы он уже работает
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында сайлаудағы жеңісінен кейін, өзінің президенттік тұғырда атқаратын қызметі жайлы ойланып жүргенін айтады.
Ең бірінші ретте Трамп елдегі денсаулық сақтау, шекарадағы қауіпсіздік, жұмыс орындарын қалыптастыру, салық реформасында өзгерістер жасауға барын салатынын айтқан.
Онымен қоса, Трамп мемлекет басшылығының алғашқы аптасында қаржы институттарын реттеуді қалпына келтіріп, банктерге қарызға ақша алу құқығын қайтарып беруді, шекарадағы есірткі тасымалын тоқтатуды қолға алатынын мәлімдепті.
Трамп жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, адамдарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасауды мақсат ететін көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп өзінің сайлау алды бағдарламаларының өзінде, Хиллари Клинтонның электронды почтасындағы деректерді тексеру үшін арнайы прокурор жалдайтынын айтқан болатын. Бірақ, басылымға берген сұхбатында ол қазір Клинтонның мәселелерімен бас қатырып жүрмегенін, қазір өзін басқа нәрселер мазалайтынын айтыпты.
Онымен қатар, Трамп болашақта Путинге қоңырау шалатынын сөз етіпті, оның екі жақты қарым-қатынастың жақсарғанын қалайтыны белгілі болған.