Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті әрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркістан қаласын облыс ретінде танып, оған мәртебе беру арқылы халықаралық деңгейде насихаттауы кеше көтерілген тақырып емес. Себебі «Түркістан идеясы» алғаш ел астанасын бекіту кезінде сөз болған еді. Бұған Елбасының өз сөзі де дәлел бола алады.



«Ол көптен ойлап жүрген мәселе еді. Тіпті елорданы таңдаған кезде де ойымда болды. Ол кезде кішігірім қала. Елорданы онда апара алмайтын болдық. Себебі ол – біздің рухани орталығымыз, тіпті түркі әлемінің рухани ордасы»,- деген болатын.


1500 жылдық тарихы бар Түркістанды қайта жаңғырту, облыс деңгейде мәртебесін көтеру, бүкіл түркі халықтары арасында ортақ мәселе ретінде қарастыру, осының бәрі делік «Түркістан идеясы» аясында жасалып жатқан ауқымды әрі маңызды шаралардың бірі.


«Түркістан идеясының» халықаралық деңгейде аталып, Түркістан қаласының жалпы түркі халықтарының рухани орталығы болуына Нұрсұлтан Назарбаев тағы да өзі мұрындық болып отыр. Айт кету керек, Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің жетінші отырысында елбасы екі ұсыныс айтқан болатын:




Біріншіден, «Түркі келешегі – 2040» бағдарламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркітілдес қоғамдастықтың ұзақ мерзімді мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдары енгізілуге тиіс. Осылайша біз мемлекеттеріміз үшін сыртқы саясат пен «жұмсақ күш» саясаты, сауда және транзит, туризм және инвестиция, энергетика мен жасыл экономика, шағын және орта бизнес сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай серпін береміз. Сонымен қатар, Елбасы осы отырыста «Түркі әлемінің бесігі» - Түркістан қаласын дамыту туралы, оның маңыздылығы жайында айтып өткен болатын.


Қазір елімізде Түркістан облысына жасалып жатқан жағдайда күн сайын БАҚ беттерінен оқып жатырмыз және көріп те жүрміз. Бұл басталған жұмыстың ендігі нәтижесін беріп жатқанын көрсетеді.


Жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына жұмыс сапармен барып қайтқан болатын. Аталған сапарда Елбасы халықпен кездесіп, Түркістан қаласының болашағы жайында сөз қозғады:


«Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістанның 1500 жылдығын атап өтеміз деп біраз шаруаны атқарған едік. Сонда осы алаңда кездесіп, сөйлескенбіз. Сол кезде Түркістан орталық болады деп айтқанмын. Мінекей, былтыр Түркістан облыс орталығы болады деген жарлыққа қол қойдым. Елімізде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент – бір миллион тұрғыны бар қалалар қатарында. Болашақта осындай үлкен қалаларда экономика, мәдениет – барлығы өсіп-өркендей береді. Алдағы уақытта миллион тұрғыны бар қалалар саны тағы артады»,- деді Н.Назарбаев.


Түркістан – екі дүниенің бесігі. Бұл тарихи қаланың бүкіл түркітілдес халықтарға ортақ рухани байланысы бар. Өз кезінде астана да, үлкен шаһар да болған қаланың қазіргі жағдайы күн сайын дамып, гүлденіп келеді. Алдағы уақытта жаңа құрылыс нысандары бой көтеріп, инфроқұрылымдар дамып, жаңа заманауи техникалармен жабдықталған мекемелер, мектептер мен ауруханалар да бой көтеретін болады. Мұның бәрі «Түркістан идеясы» аясындағы жасалып жатқан негізгі жұмыс екенін атап өткен жөн.

Другие новости