Назарларыңызға Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға айтқан ақыл-кеңестерінен топтама ұсынады Massaget.kz.




1. Жас қазақстандықтарға айтарым: Тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер.


Бұл - біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір.


Халқымыздың достығы мен бірлігін, бір-бірімізге деген сенімді сақтап, еліміздегі әрбір азаматтың төл мәдениеті мен дәстүрін құрметтей біліңіздер!



2. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.


Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса - ол елдің еңсесі де биік болады.


Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.



3. Қазір жассыңдар, өмір шексіз болып көрінеді. Қазақ айтады ғой, "ғұмырың қамшының сабындай ғана" деп.


Менің жасыма келгенде білесіңдер. Бұл өмір зу етіп өтіп кетеді.


4. Басқаға уақытың жетпейді. Бәріміз қартайған кезде, бізге де қамқорлық керек болады. Сондықтан еліміздің жарты миллионға жуық студент жасы үкіметтік емес ұйымдармен бірге мұқтаж жандарға елеулі көмек көрсете алады. Үйлерінде жалғыз отыратын, ешкімі жоқ қариялар бар. Солардың тізімін алып, анда-санда бір барып "қалың қалай, ата?" деп батасын алсаң, бәрімізге жақсы емес пе?!


5. Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой!? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мәселен Африкаға барғанда "Мен қазақпын! Табыныңдар маған" деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба?


Қазіргі жастарымыз - дүниежүзінің азаматы болды.


Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, оларды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады.



6. Сіздер - елдің болашағысыздар. Сіздер мен біздің ұлы мақсатымыз бар.


Армандар ұмтылған кезде ғана орындалады.


Қазақстан ХХІ ғасырда қуатты әрі өздеріңмен бірге өркендейтін ел болуы үшін сіздердің күш-жігерлеріңіз, ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз жеткілікті екеніне сенемін.


7. Өмірдегі ең басты нәрсе - білім, жоғары кәсібилік және өз Отаныңа адалдық, мен сіздерді осыны есте ұстауға шақырамын. Сіздерде зор күш-қуат пен шығармашылық әлеует бар.


Осының бәрін өмірлеріңіздегі ең басты мақсатқа жетуге бағыттаңыздар.

Другие новости