Есірткі арнасын ұйымдастырған түрмеде отырған шетелдік болуы мүмкін – ҰҚК


ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. 

Снимок экрана 2024-07-05 110155
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды. 

Снимок экрана 2024-07-05 110206
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Есірткі арнасын түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін отырған шетел азаматы ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр. 

Снимок экрана 2024-07-05 110214
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылығы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды. 

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды - ҰҚК баспасөз қызметі. 

Другие новости