Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Forbes басылымы Азиядағы 30 жасқа дейінгі талантты жастардың тізімін жариялады. Назарларыңызға аталмыш тізімдегі өнер мен бизнес саласындағы талантты жастарды Massaget.kz ұсынады.
Абхинав Агравал, 26 жаста. Үндістан. Anahad ұйымының негізін қалаушы Абхинав 2013 жылы Беркли колледжін тәмамдап, үнді фольклорлық музыкасын жазып алу үшін Anahad мемлекеттік емес ұйымын құрған. Ұлттық әндерді жазып алу мақсатында Үндістанды саяхаттаған Абхинав жарыққа шықпаған бірнеше халық әндерін таспаға түсіреді.
Шантану Ананд және Нандини Варма, 26 жаста. Үндістан. Олар Airplane деп аталатын өлең үйірмесінің негізін қалаушылар. Негізгі мамандығы заңгер болған бұл екі жас Үндістандағы поэзияның дамуы үшін ел ішінде 125 өлең үйірмесін ашқан.
Жоржиа Бренч, 29 жаста. Аустралия. – Trichomia компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Аталған компанияда 500 дүкен бар болып, олар жылына 1,2 иллион доллар табыс әкеледі.
Виктория Чоу, 29 жаста. Гонгконг. The Woods арнайы коктейл барлар тізімінің иесі.
Анахита Донди, 28 жаста. Үндістан. Анахита Лондондағы Cordon Bleu Grand Diplome курсын бітіргеннен кейін Үндістанға келіп, аспаз болған. Қазір ол елдегі ең талантты жас аспаз және рестораторлардың бірі. Нью-Делидегі SodaBottleOpenerWala мейрамханасы акцияларына иелік етеді.
Гао Луди, 28 жаста, ҚХР. Бұл талантты жас суретшінің шығармалары Қытайдың ірі қалалары – Бейжің, Шанхай Тянжің мұражайларында сақталады.
Го Ижантян, 27жаста, ҚХР. Лондондағы сән колледжерінің бірінде тәлім алған Го 2014 жылы Yirantan брендінің негізін қалаған. Бүгінде дизайнер бренді Қытайдағы 35 ритейлермен байланыс орнатқан.
Хан Хен Мин, 17 жаста, Оңтүстік Корея. Әкесі нигериялық, анасы кореялық болған модель Кореядағы ең сұранысқа ие модельдердің біріне айналған. Хан Хен Мин жастығына қарамай кино өнеріне де араласып, бірнеше фильмде ойнаған.
Шота Итоги, 26 жаста, Жапония. 2018 жылы қарашада Шота Жапониядағы ең танымал аспаздар байқауы RED U-35 жеңімпазы болады. Қазір ол Taka Ashiya ресторанының ең танымал аспазы.
Цзюй Сяо Вэнь, 29 жаста, ҚХР. Қытайдағы топ-модель алғашқы келісім-шартын 21 жасында IMG Models модельдік агенттігімен жасасқан. Mark Jacobs, Prada, Louis Vuitton, DKNY брендтерінің сән көрмесінің қатысушысы. Сзюй Vogue, Elle сынды басылымдардың басты бетіне де бірнеше рет шыққан.