1,581 просмотров
0 0 Поделиться

Футболдан Қазақстан кубогында плей-оффқа шыққан 6 клуб анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Бастапқы кезеңде бірінші және екінші лиганың 19 клубы сынға түсті. Нәтижесінде плей-офф кезеңіне «Ертіс», «Оңтүстік», «Тараз», «Жас Қыран», «Жетісай», SD Family командалары өтті.

Енді 6 клуб 1/8 финалдың 3 жолдамасы үшін 21-23 наурыз күндері бір ойын арқылы жеңімпазды анықтайды. А-В, С-D, Е-F топтарының жеңімпаз атанған клубтары екінші кезеңге берілетін үш жолдаманы сарапқа салады.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрайды. Қазақстан кубогының 1/8 финалы 13-14 сәуірде болса, 8 мамырда 1/4 финал болады. Ал 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізілсе, финал 29 қыркүйекке белгіленген.

Другие новости