Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Дүниежүзі назар салған әлем чемпионаты аясында өз футбол командасын құрып келе жатқан көпбалалы жұлдызды ойыншыларды еске алдық. Танымал футболшылардың сүйкімді балалары да әкелерінен қалысар емес. Шексіз байлықтың мұрагерлері бүгінгі күннің өзінде асқан танымалдылыққа ие болуда деп хабарлайды NUR.KZ.
Жұлдызды әкелерінің жиған шексіз байлығына ие болып қалар балақайлар бүгінгі күні ел аназарынан тыс қалған емес. Көпшілік бүлдіршіндердің желіге салынған әрбір суретіне тәнті болуда.
1. Криштиану Роналду (4 бала)
Әлемнің ең үздік футболисті көпбалалы әке атағын 2017 жылы алды. Өзінің үлкен ұлынан бөлек бір жыл ішінде Роналдудың үш баласы өмірге келді.
Енді кіші Криштиану Ева, Матео және Алана Мартина есімді балақайлардың үлкен ағасына айналған.
2. Зинедин Зидан (4 бала)
Зидан өзінің керемет ойыншы ретінде ғана емес, нағыз футбол командасын құрушы ретінде де таныта білді. Оның өзінен айнымайтын төрт ұлы бар.
Олардың барлығы әке жолын қуып, футбол әлеміне бет бұрған. Энцо, Лукас, Тео және Элиас "реал Мадрид" академиясының түлектері.
3. Дэвид Бэкхем (4 бала)
Бұл футболшы нағыз қамқор әке атағына әбден лайық.
Футболшы мансабын тастағаннан кейін, Дэвид өзін толықтай баларына арнады десе болады.
4. Месси (3 бала)
Аргентиналық футболшы да өз әріптестерінен қалысар емес.
Оның жұбайы Антонелла тағы да балалар санын көбейту жоспарда бар екенін де айтқан болатын. Қазіргі таңда жұп үш ұлды тәрбиелеп отыр.