В деле фигурирует вымогательство денежных средств
АҚШ-та өткен сайлаудағы жеңілісін мойындағаннан кейін, Хиллари Клинтон халық алдына алғаш шықты. Өз сөзінде экс-кандидат сайлаудан соң сезінген ауыртпашылығын ашық жеткізген. Бұл туралы «ВВС Russia» хабарлады.
Клинтон Children's Defense Fund қорының үлкен жиналысында сайлаудан кейін ешқашан үйден шықпайтын шығармын деп ойлағанын айтқан.
«Бұл сайлау көптеген американдық азаматтарды құндылықтарды қайта бағалауға мәжбүрледі», -дейді ол.
Нәтиже шыққан соң сезінген эмоцияларын Клинтон былай сипаттаған: «Мойындаймын, мұнда келу мен үшін оңай болған жоқ. Соңғы аптада менің бір жақсы кітаппен, оранып алғым және ешқашан үйден шықпай қойғым келді»
Хиллари Клинтон бұл сайлаудың нәтижелеріне көпшіліктің разы емес екендігіне де сенімді екен. «Білемін, бұл оңай емес. Әрі осы соңғы аптада біраз адамның өзіне «Америка шынымен де біз білетіндей ме?» деген сұрақты қойғанын да білемін», -дейді саясаткер.
Экс-үміткер халықты қандай жағдай болса да, болашаққа, Америкаға сенуден қалмауға шақырды. Ол нағыз америкалық құндылықтар үшін күресудің маңыздылығын атап өткен.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та өткен президент сайлауында Хиллари Клинтон жалпы азаматтардың даусымен алға шығып кетсе де, Америка сайлау жүйесі ережелері бойынша, сайлаушылардың даусын есептегенде Трампқа жол беріп қойған еді.
Ал бір апта бұрын, Хиллари Клинтон өз жақтастарының алдына шығып, Дональд Трамптың жеңісін мойындап, Трампқа президенттікке тағы бір мүмкіндік беру керектігін айтқан болатын. Содан кейін Клинтон ешқандай баспасөз алдына да, халық алдына да шықпай қойған.