IPhone 7 шыққанына көп ұзамай-ақ, желіде келесі «Айфонның» қандай болатыны туралы болжамдар тарап үлгерді. Гaджеттің алдын-ала айтылып жатқан ең бірінші сипаты – оның иілгіш OLED дисплейі. Тәуелсіз дизайнерлер «Алмафонның» келесі үлгісін жасап жарысуда. Life.ru сайты солардың ең үздіктер топтамасын жасапты.




  • Тобиас Бьютер есімді дизайнердің көрсеткен үлгісі iPhone-ды емес, Sony маркалы смартфондарын еске түсіреді. Бірақ, логотиптегі алма басқаша ойлауға мүмкіндік бермесі анық. Үлгінің басты ерекшелігі – ол алдыңғы «ағаларына» қарағанда, жұқарақ. Екі жағында тіпті шектемелер де жоқ. Тек асты-үстіндегі металл бекітпелер ғана бар. Оған қоса, барлық корпус әйнектен тұрады.

  • Ал Techconfiguration дизайнерлері атақты гаджеттің ең шындыққа жақын үлгісін жасапты. Олар бұл презентацияны Аррlе-дың патентті документтеріне сүйене отырып құрастырған. Олардың ойынша, сегізінші айфон екі жақты иілген, металл корпусқа ие болады. Бір айта кетерлігі, бұл болжамда камера дәстүрлі түрде үстіңгі бұрышта емес, ортасына қарай орналасыпты, әрі Ноmе батырмасы да алынып тасталған.
  • Маттео Джентил дизайнерлері жасаған бейнероликте жаңа айфонның дисплей, корпус, шектемелері – бәрі де әйнектен тұрады. Бұл – аталған гаджеттің ең актуалды үлгісі. Ноmе батырмасы экранда орналасқан. Алдыңғы камера 12 мегапиксель болса, негізгі камера 8К режимінде түсіре алатын көрінеді. Оған қоса, гаджет сымсыз зарядталатын болады.


  • Android Busters каналында жарияланған үлгіде дизайнерлер фантастикалық шешімдерге бармаған. Мұнда да барлығы әйнектелген, OLED дисплей, жақсартылған камера. Видео авторлары келесі айфонды А11 процессорымен жабдықтап, есте сақтау жүйесін 256 ГБ-қа дейін ұлғайтыпты.



  • Бестікті ең күрделі концептімен аяқтаймыз. Өйткені, Sonitdac дизайнерлері сегізінші айфонды алдағы онжылдықта орындалып қалуы күдік тудыратын дисплеймен жабдықтапты. Роликтен Iphone 8 арнайы механизм арқылы экранын планшет экраны секілді ұлғайта алатындай етіп жасалғанын көруге болады. Шындыққа аз жанасса да, бейнероликті желіде 9 миллионға жуық адам қарап үлгерген.


Другие новости