Политологи опасаются дальнейшей эскалации
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат агентігі жазды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкіліне 2-топ мүгедектігі бар арызданушы хабарласты. Оның айтуынша, ақылы автотұрақ оның үйінің жанындағы, кіреберістегі аумақта орналасқан. Өтініш беруші денсаулығы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адам болғандықтан, ол өз көлігін кіреберістің жанына қоюға мәжбүр, бірақ видеобот оған тұрақ ақысын төлемегені үшін автоматты түрде айыппұл салған. Оған қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылған. Уәкіл өкілінің бастамасымен бұл мәселе әкімдік пен «Алматы паркинг» компаниясының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әкімшілік өкілдері мәселені 3-тоқсанның соңына дейін шешіп, ғимарат тұрғындары үшін көлік тұрағын тегін етуге уәде берді, - деп хабарлады мекемеден.
Сондай-ақ АҚЖУ баспасөз қызметі Алматы Әкімшілік полиция басқармасына арызданушының құқық бұзушылықтарын жою туралы хат жолданып, қазіргі уақытта оған қатысты барлық ұйғарымдардың күші толығымен жойылғанын атап өтті. Ал бұрын өндіріп алынған сома тұрғынның өз шотына қайтарылған.