В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Бүгін Атыраудағы Сабыр Қозыбаев атындағы балалар үйінде болған соң, Қанат Ислам өзінің бала асырап алуға деген ниетін білдірген. Бұл туралы «Қазинформ» ХАА баяндайды.
«Кез келген қазақ еліміздегі балалар үйінің азаюы немесе тіпті жабылғанын қалайды. Ал олар қашан жойылады? Бұл өзінен-өзі болмайды ғой. Олар егер осы балаларды ерлі-зайыптылар асырап алып, жылуымен бөліскенде ғана жабылады. Тіпті, Елбасының өзі қазақтардың ешқашан жетімін жылатпағанын айтып отырады. Сондықтан, мен болашақта бала асырап алғым келеді, мен өзім осындай шешімге келдім», -дейді Қанат.
Сабыр Қозыбаев атындағы балалар үйінің 38 жеткіншегі әйгілі спортшымен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Боксер балалар үйіне теледидар сыйлап, қолтаңбасын беріп мен естелік суреттерге түсті.
Қанат Ислам – 2012 жылы бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe дәрежесін алып, кәсіпқой бокста Қазақстанның мақтанышына айнала бастаған спортшы.
Естеріңізе сала кетейік, осы жылдың 29 қазанында Қанат Гана боксшысы Патрик Аллотейді жеңіп, WBA Fedelatin и WBO Intercontinental чемпиондықтарын алған болатын.