Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толып отыр.


Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы– Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.


Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа атқарған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қызмет атқарды.


Ол мектеп кезінде үстел теннисінен КСРО-ның спорт шебері атанған. 2016-2018 жылдары Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. 2018 жылы «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. Ал 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. Сондай-ақ ол халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы, және 5 тілді жетік меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз.


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтуді жөн санамайды екен.

Другие новости