Парламент депутаттары министр Қасымовтан Қазақстан Республикасының ІІМ жемқорлықпен күресу үшін қандай шаралар қолданып жатқанын сұрады. Бұл жөнінде ақпаратты Informburo.kz таратты.




Жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған парламент отырысы кезінде, сенатор Сергей Ершов мысалға жемқорлық деңгейі өте төмен Грузияны келтірген болатын. Бұған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов:

«Біз Грузияға бардық. Бір емес, бірнеше рет бардық. Комиссия ретінде бардық, барлық қызметтен. Олар не істеді? Олар барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберді. Жалақыны екі есе көбейтті де, жүйені қайта құрды. Өтініш. Біз бұған баруға дайынбыз», -деп жауап берді.


Оған қоса, министр полиция қызметкерлерін қажетті жарақтармен қамтамасыз ету керектігін айтып өтті.

«Бәрінің Германия, Америкадағыдай полиция жасаңдар дейтіні түсінікті. Біз бұл тәжірибені де зерттедік. Меніңше, Германиядағыдай жалақы мен керекті құралдармен жасақтасақ, біз де осы нәтижеге жетер едік», -дейді ол.


Қасымовтың пікірінше, күштік құрылымдардағы жемқорлықтың басты себебі полицейлердің әлеуметтік мәселелері болып табылады.

«Біз тұрғын үймен тек жедел қызметтегілерді ғана қамтамасыз ете алдық. 2015-2016 жылдар аралығында патрульдік-тұрақ қызметкерлерінің үйінің арендасын төлеуге көшуіміз қажет еді, бірақ қаражат жеткіліксіздігінен бұны жасай алмадық. Көбіне бұл тұрақты үйі жоқ жастар. Біз қазір әкімдікке жатақхана салып беру туралы өтінішпен жүгіндік. Осының бәріне қарамастан, біз полициядағы жемқорлықпен күрес үшін барымызды салатын боламыз», -дейді министр.

Другие новости