Такое постановление выпустило правительство РК
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен «Mongolia’s got talent» тележобасына қатысып, қазақша ән айтқан Нұрбек Жанарбекұлы есімді бозбала төрешілерді тәнті етті. Бұл жайлы Baq.kz хабарлайды.
Байқауда Нұрбек әйгілі «Молдабайдың әнін» орындаған.
Нұрбектің өнерін бағалаған төрт төрешінің бірі: «Маған таланттар бәйгесіне қатысушы көптеген жігіттер ғашық болды. Ал маған неге бір қазақтың жігіті ғашық болмайды деп ойлап отырмын. Сен мені жақсы көрмейсің бе?» -деді.
19 жастағы студент жігіт төрешінің қалжыңына қалжыңмен: «Сахнада тұрып келбетіңізді анық көре алмай тұрмын, қасыңызға барып көрсем бола ма?» - деп жауап берді
Төрешілердің рұқсатымен Нұрбек олардың жанына келіп, моңғол қызының тілегіне екі ауыз өлеңмен жауап берді.
Моңғолияны тартымды өнерімен тамсандырған жас талант қазір студент екенін, махаббатқа уақыты жоқ, сабаққа ғана көңіл бөлетінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік «Молдабайдың әнін» шырқаған жас өнерпаз осыдан біраз бұрын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тау» акциясын өткізіп, еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту жасаған болатын. Ол өзінің әкесі танымал таушы Жарабек Ақыбимен бірлесіп, Моңғолиядағы ең биік 25 тауға шыққан еді.