В деле фигурирует вымогательство денежных средств
«Еуровидение-2017» байқауына қатысуға басты үміткерлер ретінде Жанар Дұғалова, Димаш Құдайберген, «А’Студио» тобы танылып отыр. Бұл жөнінде конкурстың Австралиядағы ресми сайтына сілтеме жасап, Today.kz хабарлайды.
Ұйымдастырушылар болғалы жатқан байқау жайында түрлі өсек-аянның тарап кеткенін мойындайды. Сондықтан, шындыққа ең жақын бірнеше болжамды атауды шешіпті. Олардың ішінде қазақстандық әртістердің 2017 жылғы «Еуровидениеге» алғаш рет қатысуы мүмкін екендігі туралы әңгіме де бар.
Қазақстандық «Хабар» ұлттық ақпараттық компаниясы биылғы жылдың қаңтарынан ЕВС ұйымына мүшелікке қабылданған болатын. Агенттік бірнеше жыл бойы «Еуровидениеде» ел намысын қорғайтын әнші іздестіре бастағандықтан, Қазақстанның бұл байқауға қатысуы жөнінде мәселе қозғалыпты. Бірақ отандық БАҚ пен көптеген жанкүйерлер басты үміткерлер ретінде Жанар Дұғалова, Димаш Құдайберген, «А’Студио» тобын таныстыруды бастап кеткен. Ал бұл ақпаратты ЕВС пен конкурстың ұйымдастырушылары растаған жоқ. Сондықтан, аталған мәселе әлі шешімін таппапты.
Естеріңізге сала кетейік, Украина Республикасының Ұлттық телекомпаниясының басшысы Зураб Аласания 9 қыркүйек күні халықаралық «Еуровидение-2017» байқауы Киевте өтетіндігін мәлімдеген болатын. Конкурс дәстүрлі түрде мамыр айының ортасында басталады, нақты уақыты бірнеше ай бұрын айтылуы тиіс.