Білім және ғылым министрлігі ақылы бөлімге түсетін абитуренттер үшін ҰБТ-ны алып тастау мәселесін қарастырып жатыр. Өз қаражатына ЖОО-да оқуды қалайтын түлектерге кіріспе емтихандарын тапсыру жүктелуі мүмкін. Бұл жөнінде 24.kz телеарнасы хабарлайды.




Оған қоса, Білім және ғылым министрлігінде жоғарғы оқу орындары жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы сөз болды. Университеттер біртіндеп коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналады. Оларға оқу бағдарламасын нарықтың талабына сай, дербес қабылдау жүктелетін болады. Бұл білім сапасын көтеруі керек дейді министрліктегілер. Онымен қатар, жоғары оқу орындары жыл сайын жұрт алдында есеп беруі тиіс болады.


«Дербестік алатын жоғарғы оқу орындарын үш категорияға бөлуіміз керек. Олар: академиялық дербестік, басқарудағы және қаржылық. Басқарудағы дербестік дегеніміз – еншілес компаниялар құру мүмкіндігі»,-дейді Білім және ғылым министрлігінің өкілі Дархан Ахмед-Заки.


Естеріңізге сала кетейік, бұрынырақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін өзгерістер жөнінде айтып өткен еді.

Другие новости