В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Уфологтар Мангышлакта орналасқан Шерқала тауын жат планеталықтардың кемесі деп түсіндіруде. Ал оның көптеген үңгірлерінің бірі тура ұшатын тәрелкеге апарады екен-мыс. Бұл туралы мәліметтерді «Экпресс-К» жариялады.
Ресейлік «Наномир» зертханасының қызметкерлері компьютерлік жабдықтау жұмыстарын жүргізіп, Шерқаланың жасанды дүние екенін анықтаған. Болжамдардың бірі тарихи кезеңнің алдында, Мангшлакқа өзге планеталықтардың кемесі қонғанын түсіндіреді. Өз кемелерін жасыру үшін жат планеталықтар кемелерін ерте заманғы Тетис теңізінің түбіне түсірген екен. Белгісіз себептермен, жат планеталықтар кейін өз әуе кемелеріне қайта оралмапты. Кейін Тетис тартылып, құрғап кеткен кезде, ол қалың батпаққа көміліп, тауға айналған.
Түркмен тілінен аударғанда, «Шерқала» сөзі «Арыстан тауы» деген мағынаны береді. Жергілікті үңгірлерге кіруге тыйым салынған, өйткені онда рухтар мен елестер бар деп саналыпты.
Уфологиялық баяндамалардың бірінде 70-жылдары ресейлік туристің үңгірге кіріп, Шерқаланың шыңына шықпақ болғаны айтылады. Жер асты жолы әлгі туристті таудың түбіне алып келген. Кенет саяхатшы белгісіз көгілдір жарық көріпті. Ол жарыққа жақындағанда, қара қабырғаға келіп тіреледі. Оған фонардың жарығы түскен кезде, қабырға жарқырай кеткен. Сол сәтте турист түсініксіз гуіл естиді де, аяғының асты дірілдеп кетеді. Қорқып кеткен ресейлік саяхатшы қашып шығады. Келесі күні онда оралмақ болғанда, турист әлгі жерге апаратын жолды сол күйі таба алмапты.