Қазақстандағы Қытай елшілігінің Twitter аккаунтында коронавирусқа байланысты елшіліктің ренішін білдіретін пікір жарияланды. Бұл туралы ztb.kz баяндайды.




«Вируспен күрес жүргізуді жалғастыра отырып өзінің халықаралық жауапкершілігін сезінетін Қытай серіктестерімен тәжірибесімен де бөлісуге дайын. Түннен кейін таңның да ататыны белгілі. Біз вирусты таратпау жөніндегі шараны саясиландыруға о бастан қарсымыз. Шекараны жабу, қытайлықтарды үйіне қайтару кәсіби іс емес, тіпті орынсыз. Егер бұл біреудің қолқалауымен жүргізілсе, тіптен ол қауіпті. Вирусқа ЖОО ұсынымдарына сүйене отырып, ғылыми, кәсіби тұрғыдан қараған дұрыс. Оған шектен тыс емес, қисынды көзқараста болу керек. Әйтпесе қоғам үрейге бой алдырады. Бұл вирустың өзінен де зияндырақ», – делінген.

Другие новости