Но у «Казахстанского авторского общества» нет в планах подавать в суд. Главное здесь - переговоры.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, түрлі диструктивті мақсаттарға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар бейім келеді екен. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісі хабарлайды.
Министр «Қазіргі заманғы экстремизм мен терроризнің алдын алудың заңды және институцианалды шаралары» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстанда болған лаңкестік іс-әрекеттерді талдау жұмыстарының нәтижесімен, террористердің 55%-ы – 20 жасқа толмаған азаматтар, 35%-ы - 30-39 жас аралығындағы, қалған 10%-ы ғана 40 жастан асқан адамдар екені анықталғанын айтып өтті.
Осыған орай, Ермекбаев экстремизм мен терроризмге қарсы салаларда қазақстандық жастарға «ақыл мен өмір үшін күресін» жүргізу керектігін де түсіндірді.
«Жастардың ақыл мен өмір күресін жүргізу үшін барлығымызды, оның ішінде біздің министрлікті жастар саясатының жандандыру жолында үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл жастарды қиратушы идеялардан алшақ ұстауға көмек береді. Ол дегеніміз – жастар өз күшін әлеуметтік маңызды істерге арнай алатындай, тартымды әрі түсінікті идеологиялық тұжырымдар, әлеуметтік саты, жобалар мен жұмыстар»,-деп атап өтті министр.
«Мемлекет пен азаматтық қоғам күшін біріктірсек, бұл жұмысты іске асыра алатынымызға сенімдімін»,-дейді ол.
Оған қоса, Нұрлан Ермекбаев мемлекет пен руханият арасындағы қарым-қатынаста өзгерістер керек екендігіне назар аудартты.Өз баяндамасында ол бұл салада номативтік құжаттарға өзгерістер енгізудің негізінде дін аумағындағы мемлекеттің тұжырымы тұруы керек екендігін, түрлі ведомстволар арасындағы дін мәселесінде жақын қатынастар орнатуға сеп болатын арнайы өкілдіктер құру мәселесі көтерілетіндігін де атап өтті.
Министрдің тағы бір сөзінде экстремизм – жеке қарсылығын білдірудің өзінше бір тәсілі болғандықтан, азаматтық қоғам мен билік арасындағы түсініспеушіліктер мен түрлі сұрақтардың дер кезінде шешілуі тиістігі, ол үшін қажетті шаралар: тілдесу алаңдары мен механизмін ұымдастыру маңыздылығы айтылды.
Ермекбаев: «Ешқандай мемлекетте терроризм мәселесі 100%-ға шешімін тапқан жоқ. Сол уақытта заң үстемділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен саяси мәдениетін көтеру – жауапты органдардың нәтежиелі жұмысы мен азаматтық қоғамның белсенділігі экстремизм мен терроризмнің қаупін төмендетуге қауқарлы»,-деп ой түйді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының үкімімен осы жылдың 13 қыркүйегінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылған болатын. Жаңа министрліктің қарамағына діни бірлестіктер мен азаматтардың діни бостандығы және де мемлекет пен азаматтық сектордың өзара қатынасы, жастар саясаты басқармалары кіргізілді.